Іс-шараларға арналған орын

Іс-шара ірі немесе шағын, жалпы қандай болса да, оны өткізуге жәрдем береміз. Өнімнің жарыққа шығуына байланысты іс-шара, кешкі іс-шара немесе тәулік бойы созылатын компания тойын өткізгелі жатсаңыз, сізге қызмет пен қолдауымызды көрсетіп, оның ойдағыдай өтуіне көмектесеміз.

Маманмен сөйлесу

Әлемдегі ең ірі компаниялар сенім артқан

Іс-шараларға арналған орын

Мінсіз орынды таңдаудан бастап қажетті көмегімізді көрсету арқылы естен кетпес жеке немесе корпоративтік іс-шара өткізуге көмектесеміз.

Кез келген іс-шараны өткізіңіз. Кез келген жерде, кез келген уақытта

Жеке немесе корпоративтік іс-шара өткізудің көптеген себебі бар: мысалы, тобыңызды еңбек сіңіргені үшін марапаттау, бизнесті дамытуға арналған іскерлік қарым-қатынастарды нығайту. Қандай себеппен өткізсеңіз де, іс-шараны керемет өткізуге көмектесеміз.

  • checkҚабылдау орнында ұсынылатын сусындар
  • checkМарапаттау рәсімі
  • checkЖыл сайынғы конференция
  • checkБаспасөз конференциялары
  • checkКорпоративтік мереке
  • checkКорпоративтік көрме

Іс-шара қандай болса да, бізде орын бар

Сіздің талаптарыңызға сай келетін кез келген стильдегі кез келген жердегі керемет орындар бар. Әлем бойынша мыңдаған локациядан әртүрлі өлшем мен орналастыру схемасын таңдауға болады.

  • checkҮлкен конференц-залдар
  • checkАудиториялар
  • checkБейресми залдар
  • checkАшық терассалар
  • checkІс-шара өткізу залдары
  • checkКөрме алаңдары

Жергілікті қолдау тобымыз жәрдем береді

Бізге қандай іс-шараны өткізгелі жатқаныңызды және қажеттіліктеріңізді айтсаңыз, барлық маңызды дайындықты жүргіземіз. Осылайша негізгі іс-шараны өткізуге және қонақтармен уақыт өткізуге ғана зейін қоясыз.

  • checkСіздің қонақтарыңызды күтіп алу және олармен сәлемдесу
  • checkАсхана қызметін және сусындарды ұйымдастыру
  • checkКеңістікті және аудиовизуалды жабдықты орнату
  • checkЖеткізілімдерді алдын ала тіркеу және оларды сақтау

Бізге іс-шараны толықтай ұйымдастыруға неге рұқсат бермеске?

Іс-шараңыздың бүге-шүгесін басқа біреудің ұйымдастырғанын қаласаңыз, бұл жағдайда да жәрдемдесе аламыз. Іс-шараны жоспарлауға, билеттерді үлестіруге және тіпті қонақтарыңыздың сапары мен тұратын орнын да қарастыруға көмектесміз.

  • checkІс-шараларды толық басқару
  • checkШақырулар мен билеттерді брондау
  • checkСаяхаттау және орналастыру
  • checkVIP қонақжайлылық

* Барлық көрсетілген бағалар 24 айлық келісімшарттар негізінде сұрау уақытында жарамды. Бағалар өзгеруі мүмкін және арнайы таңдалған өнімдер мен қызметтерге байланысты өзгереді. Кеңсе орны мен бірлесіп жұмыс істеу бағалары бір адамға бір ай үшін көрсетілген және құрал-сайман қолжетімділігіне байланысты. Шарттар мен талаптар қолданылады.